Қырғыз Республикасында ТДМ ақпараттық платформасы жобасын талқылау бойынша семинар өтті

27.11.2023

Орталық Азия елдерінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары өткізген бірқатар семинарлар мәресіне жетті. 

21-23 қараша аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ТДМ көрсеткіштерін және олардың өзара байланысын келісу және валидациялау бойынша кезекті семинар өтті. Семинар ұйымына Қырғыз Республикасының Экономика және Коммерция министрлігі мен Қырғыз Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдау көрсетті.


Бұл іс-шара Орталық Азия елдері үшін ТДМ өңірлік ақпараттық платформасын құру жобасы шеңберінде өтуде. Жоба БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы, Еуропалық Одақ және Экономикалық зерттеулер институтымен жүзеге асырылуда. Айта кету керек, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабы шараға техникалық қолдау көрсетеді.

Семинарға Қырғыз Республикасындағы орталық мемлекеттік органдар мен БҰҰДБ өкілдері қатысты.

Қырғыз Республикасындағы БҰҰДБ үйлестірушісі Гүлнар Әбдіқалықова алғы сөз сөйлеп, елдегі ТДМ іске асырудағы прогресс туралы айтты.

Экономикалық зерттеулер институтынан семинарды өткізуге ТДМ Хатшылығының өкілдері Алтынгүл Өтебаева мен Новокшанова Наталья, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабынан Михаил Пеля мырза қатысты.

БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабының Жасыл экономика және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалық маманы Михаил Пелах іс-шараға қатысушыларды өңірлік Платформа тұжырымдамасымен және мониторинг жөніндегі дерекқормен жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды.


Экономикалық зерттеулер институты ТДМ Хатшылығы директорының ТДМ жөніндегі орынбасары Алтынгүл Өтебаева Қырғыз Республикасының ТДМ ұлттық индикаторларын талдау нәтижелерін және ТДМ міндеттері мен индикаторларының өзара байланысын талдаудың негізгі тәсілдерін айтты.

Семинар барысында Қырғыз Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп ТДМ индикаторлары мен міндеттерін іске асыруға әсер ететін факторлар талданды. Сондай-ақ мониторинг үшін ТДМ индикаторларының деректер базасының жобасына түзетулер енгізілді.
Кездесу барысында жоба аясындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ТДМ іске асыруға қатысты ой-талқы өтті.

Анықтама:
Орталық Азия елдерінде ТДМ-ға қол жеткізу жөніндегі өңірлік ақпараттық панельді құру және іске қосу орнықты даму трендтерін қадағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде тәжірибе алмасуға және статистикалық әлеуетті нығайтуға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, елдер осы бақылау тақтасын аймақтағы ТДМ жетістіктерін талдау үшін, сондай-ақ трансшекаралық мәселелерді шешу үшін пайдаланады деп күтілуде.




Қарау саны: 635
Сақталған: 28.11.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!