Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Миссия 2030» іскерлік ойыны форматында лекция өтті

27.02.2024

24-ақпанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары, ТДМ Хатшылығының директоры Хамбар Бақытгүл, жетекші сарапшылар Әбуов Анас және Нұржанова Мадина Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына арналған «Миссия 2030» іскерлік ойыны форматында қонақтық дәріс оқыды. 

 
Ойын басталмас бұрын ТМД бойынша Хатшылықтың жетекші сарапшысы М.Нұржанова тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары туралы ақпаратпен таныстырып, Қазақстандағы ТДМ жүзеге асырудың белгіленген институционалдық ерекшеліктері туралы қысқаша ақпарат берді.


Ойынға қатысушылар су және санитарлық шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға және бейбітшілік пен әділеттілікті орнату мен жүзеге асыруға байланысты басымдықтарды шешу үшін жұмыс жасады.

Магистранттар тұрақты дамудың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылауда өз ұстанымдарын белсенді түрде көрсетті. Ойын нәтижесінде қатысушылар су ресурстарының қолжетімділігі мен ұтымды пайдаланылуын және барлығы үшін санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, сот төрелігіне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге және барлық деңгейдегі тиімді, есеп беретін институттарды құруға байланысты басым бағыттардың шешімдерін әзірледі.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.




Қарау саны: 331
Сақталған: 23.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!