ҰҚШҰ елдері:

28.11.2020

ҰҚШҰ елдері Ұжымдық күштерді бірлесіп материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы келісім дайындауда. Құжат ұжымдық қауіпсіздік міндеттерін бірлесіп шешу кезінде материалдық-техникалық және медициналық жарақтандыруға байланысты мәселелерді құқықтық реттеу мақсатында әзірленеді.

Сейсенбі күні ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы ұйымның Ұжымдық күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. ҰҚШҰ Біріккен штабының (БШ) бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров қатысушыларды келісім жобасын мемлекетішілік келісу барысы туралы хабардар етті.

Отырыс барысында сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, ҰҚШҰ ҚК қару-жарағы мен әскери техникасын жөндеуді және қалпына келтіруді ұйымдастыру кезінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағы бойынша әскери теміржол тасымалдарына ақы төлеу мәселесі талқыланды.

Отырыс жұмыс тобының төрағасы РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Дмитрий Булгаковтың басшылығымен бейнеконференция режимінде өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан қорғаныс ведомстволары министрлерінің орынбасарлары, Қырғызстан Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Армения Қарулы Күштері тыл бастығының орынбасары және ҰҚШҰ БШ бастығы қатысты. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

 


Қарау саны: 806
Сақталған: 01.12.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!