ЕАЭО елдері:

26.11.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесін бекітті.

Мал өсіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, шаруашылықтарда, сондай-ақ ақпараттық-талдау, селекциялық орталықтарда, жануарлардың тұқымдары жөніндегі қауымдастықтарда сүт және ет бағытындағы жануарлардың өнімділігін бағалаудың, айқындаудың және асыл тұқымдық құндылығын есептеудің бірыңғай әдістемесі белгіленеді.

«Қабылданған құжат ЕАЭО-ның асыл тұқымды мал шаруашылығына ең үздік желілік орналастырылмаған болжам (BLUP) әдісінің негізінде асыл тұқымдық құндылықты бағалау мен болжаудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізуді, бағалау мен болжамның анықтығын елеулі арттыруды, генетикалық прогресті жеделдетуді қамтамасыз етеді, одақ ауқымында көшбасшы топтан шыққан асыл тұқымды өндірушілерді барынша пайдалануды қамтамасыз ете отырып, әртүрлі өңірлерде өсірілген асыл тұқымды жануарларды салыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жануарларды тасымалдау рәсімін оңайлатады. Бұл, өз кезегінде, мал өнімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнім өндіру көлемінің артуына, импортқа тәуелділіктің төмендеуіне және өзара жеткізілімдер көлемінің ұлғаюына ықпал ететін болады», – деп атап өтті комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Артак Камалян, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Асыл тұқымды өнім өндіру процестеріне әдістемелерді енгізу үшін екі жылдық өтпелі кезең көзделеді.

Бұдан әрі жаңа әдістемелерге сәйкес айқындалған жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау нәтижелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жануарларды есепке алу тізілімдеріне (деректер базасына) және асыл тұқымдық құжаттарға енгізілетін болады .

Сарапшылардың пікірінше, алқаның шешімі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы мен тиімділігіне оң әсер етеді.

Нормативтік құқықтық акт ЕАЭО туралы Шартқа және 2019 жылғы қазанда үкімет басшылары қол қойған одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы Келісімге сәйкес әзірленді.


Қарау саны: 758
Сақталған: 01.12.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!