Сауда-экономикалық ынтымақтастық

22.01.2021

Арменияда Қазақстаннан жеткізушілердің нарыққа шығуы есебінен мұнай өнімдерінің арзандауы күтілуде. Бағаның төмендеуі елдер сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы тиісті үкіметаралық келісімді өзарабекіткеннен кейін орын алуы тиіс.

"Келісім тауарлар келісілген атаулар мен көлемдер бойынша Арменияға салық алымдарынан босатылып әкелінеді деп болжайды. Яғни, қазақстандық тарап экспорттық баж салығын алмайды", - деді Армения Парламентінде аумақтық басқарма Министрінің орынбасары Ваче Тертерян құжатты депутаттарға бекітуге ұсына отырып.

Келісімге 2020 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Армения парламенті Қазақстанмен осы келісімді бекітті. Ол 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады және егер Тараптар оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы ескертпесе, автоматты түрде бес жылға созылады.

Министр орынбасарының айтуынша, құжат Армениядағы мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті арттыруды көздейді. Классикалық схемаға сәйкес, бұл бағаның төмендеуіне әкелуі керек, бірақ қандай екенін айтуға әлі ерте.

"Тең мүмкіндіктер (баждан босату) неғұрлым көп болса, жеткізушілер де соғұрлым көп болады деп нық сеніммен айтуға болады. Ал импорттаушыларда балама көздерді пайдалану мүмкіндігі пайда болады", - деп атап өтті Тертерян.

Тертерян жақында Қазақстан құжатты қарап, бекітетінін атап өтті. Мұндай құжат Ресеймен де жасалған.


Қарау саны: 604
Сақталған: 09.12.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!