Дүниежүзілік экономикалық форум

25.01.2021

Дүйсенбі күні, 25 қаңтарда швейцариялық Давоста онлайн - форматта Davos Agenda деп аталатын Давос апталығы басталды. Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) сессиясы жаһандық экономика мәселелерін шешу үшін бірқатар ірі мемлекеттердің көшбасшылары мен негізгі халықаралық ұйымдардың басшыларын кезекті рет біріктіреді. 

ДЭФ-тің кездесуге қатысушылар мен жергілікті халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге алаңдаушылығына байланысты дәстүрлі кездесу 25-28 мамырға Сингапур қаласына ауыстырылады. Ықтимал жерлерді мұқият зерттегеннен кейін және қазіргі COVID-19 жағдайына байланысты Сингапур іс-шараны өткізуге ең қолайлы деп шешілді. 

2021 жылдың 25-29 қаңтар аралығында «Давос апталығы» онлайн-форумы өтеді. 

Дүйсенбі күні ЕОБ басшысы Кристин Лагард, СЕО Volkswagen басшысы Херберт Дис, Goldman Sachs басшысы Дэвид Соломон, Германияның Экономика және энергетика министрі Питер Альтмайер, Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно ле Мэрдің қатысуымен «Экономикалық өсуді қалпына келтіру» сессиясы өтеді. 
Бірінші күннің басты саяси қайраткері - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин. 

Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен 26 қаңтарда сөз сөйлейді. Сол күні ХВҚ басшысы Кристалина Георгиеваның қатысуымен сессия өтеді. 

27 қаңтарда Италия премьер-министрі Джузеппе Конте, Израиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяху, Билл Гейтстің қатысуымен өтетін сессия жоспарланған. Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди 28 қаңтарда, жапондық әріптесі Есихидэ Суга 29 қаңтарда сөз сөйлейді. 

Сондай-ақ, РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриевтің, Сбербанк басқармасының төрағасы Герман Грефтің және әлемдік экономиканың басқа да өкілдерінің сөз сөйлеуі күтілуде.

6-7 сәуірде ДЭФ Токиода Технологияларды басқару бойынша жаһандық саммит өткізеді.


Қарау саны: 621
Сақталған: 09.12.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!