Қазақстан-Сербия: ынтымақтастық

28.01.2021

ҚР Сенаты "Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.  Заң жобасының негізгі міндеті тауарларды алып қою тауарларынан басқа, Сербия Республикасынан ЕАЭО елдеріне және ЕАЭО елдерінен Сербия Республикасына тауарларды әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын жою, сондай-ақ бірқатар тауарларды бажсыз әкелуге квота беру болып табылады.

Жаңа келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері және Сербия Республикасымен бұрын жасалған Еркін сауда туралы екіжақты келісімдер негізінде жазылған. "Атап айтқанда, тараптар санитарлық және фитосанитарлық шараларды, техникалық реттеу шараларын тек халықаралық қағидаттар негізінде қолдану туралы келісті. Сондай-ақ, тараптар зияткерлік меншік объектілерін қорғауға кепілдік беруге келісті. Осылайша, Сербия Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып табылмай, халықаралық ұйымның ережелерін орындау бойынша өзіне міндеттемелер алады", - деп түсіндірді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысы барысында тиісті құжатты ұсына отырып.

Осы келісімді іске асыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін тауарларды өткізу нарығын қосымша кеңейтуге мүмкіндік береді, деп есептейді ведомство басшысы. "Атап айтқанда, қазақстандық тауарлардың Сербияға экспортын арттыру әлеуеті 250 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл мұнай - химия, химия, металлургия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі салаларының тауарлары, сондай-ақ құрылыс материалдары", - деп қорытындылады министр.

Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақ елдері кедендік баж салығын төлемей Сербияға ірімшік, алкогольді ішімдіктер мен темекі жеткізе алады. Бұрын бұл тауарларға импорттық кеден баждары салынатын.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ құс етін, қантты, маталарды, алкогольді ішімдіктерді, темекіні әкелуге, сондай-ақ компрессорлар мен моторлы көлік құралдары сияқты бірқатар өнеркәсіптік тауарларға баж салығын қолдануды сақтап қалды.


Қарау саны: 562
Сақталған: 28.01.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!