Moody ' s: Қазақстанның рейтингі

17.02.2021

Moody ' s агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікірін жариялады. Жаңартылған деректерге сәйкес Қазақстанның рейтингі Baa3 «Оң» болжамы пандемияға дейінгі көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Бастапқыда Baa3 рейтингі «Оң» болжамы Қазақстанға 2019 жылдың тамыз айында берілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Baa3 мәртебесін және кредиттік рейтинг бойынша оң болжамды ұстап тұруға мүмкіндік берген факторлар мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі фискалдық резервтер, экономика мен халықтың табысы өсуінің жоғары әлеуеті, дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастырудағы және фискалдық орнықтылықты қамтамасыз етудегі Үкіметтің икемділігі мен тиімділігі болды.

Moody ' s өндіруші және өңдеуші секторларда экономика өсімінің жоғары әлеуетін оң бағалап, 2020 жылы нақты сектор өсімінің оң қарқынын атап өтті.

Бұл факторлар пандемияның таралуына байланысты экономикалық күйзелістерге қарсы айтарлықтай әсер етті. Аталған қарқынды ескере отырып, Moody ' s Қазақстан экономикасының кредиттік рейтингінің жоғарылау ықтималдығын атап өтеді. Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру үшін әлеуетті қалыптастыратын факторлар, оның ішінде институционалдық ортаны одан әрі реформалауға әзірлік, экономиканы одан әрі әртараптандыру, банк секторының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар болып табылады.


Қарау саны: 620
Сақталған: 09.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!