Fitch Ratings: Қазақстан

22.02.2021

Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады - болжамы «тұрақты».

Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның тұрақты рейтингі ел экономикасы тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Рейтинг агенттігі мұнай бағасына және коронавирустық індеттің таралуына байланысты белгісіздікке қарамастан, елде мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі және қолданыстағы мен ықтимал сыртқы күйзелістерді азайту үшін қажетті фискалдық резервтердің едәуір көлемі сақталып отырғанын атап өтті.

Кредиттік бағалау тұрақтылығының оң факторы мемлекеттік институттардың сапасын жақсарту болып табылады.

Fitch рейтингтік агенттігі 2020 жылы ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуде нақты сектордың, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің, құрылыстың және ауыл шаруашылығының рөлін атап өтті. Агенттіктің бағалауы бойынша, 2021 жылы экономиканың өсу қарқыны 3,5%-ды құрайды.



Қарау саны: 611
Сақталған: 09.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!