Қазақстан мен Қытай: жүк тасымалы

23.09.2020

2020 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдау көлемі 14,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға артық.

2020 жылдың қорытындысы бойынша тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық өткелдер арқылы 21 млн тонна жүк тасымалын күтуде. Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық аумақтарында тасымалдау көлемінің ұлғаюы байқалады.
 
«Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Достық – Мойынты теміржол көлік дәлізін жаңғырту» жобасының бірінші кезеңін іске асыру көзделген. Жолды күрделі жөндеу, темір жол инфрақұрылымының бірқатар объектілерін, оның ішінде жеке учаскелерде екінші басты және қабылдау-жөнелту жолдарын салу жоспарлануда», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев «Қытай темір жолдары» Директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфумен өткізген бейнеконференция барысында

Бұл шекара маңындағы станциялар арқылы поездардың кедергісіз, жедел өтуін құруға және Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инфрақұрылымдық шешімдерді іске асыру 2025 жылға қарай Қазақстан аумағы бойынша тәулігіне 1300-1400 километр контейнерлік пойыздардың жылдамдығына қолайлы әсер етеді деп жоспарлануда.


Қарау саны: 996
Сақталған: 24.09.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!