рус / eng / kaz    
     

Қазақстан және ЭЫДҰ


Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы
Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 жылы Орталық Азияның, Кавказдың және Шығыс Еуропаның 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әрі – ЕББ) шеңберінде басталды.



ЕББ Евразияда инвестицияларды тарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылады. Бағдарлама өңір елдеріне ЭЫДҰ стандарттары мен құралдары негізінде іскерлік климатты жақсарту бойынша саясатты әзірлеуде жәрдем көрсетуге бағдарланған.

2011 жылы ЭЫДҰ Қазақстанды оның Бағдарлама донорына айналуы шартымен ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азия бастамасының (ОАБ) Басқарушы комитетінің жұмысына қатысуға шақырылды году. Осылайша, ЕББ қызметін қаржыландыру мақсатында 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ЭЫДҰ арасында Бағдарламаның 2011-2012 жылдарға арналған бюджетін 800 мың евро мөлшерінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

2013-2016 жылдар аралығында Қазақстан Еуропалық Одақпен бірлесіп ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азия бастамасының төрағасы болды.



Қазақстанның ЭЫДҰ-мен елдік ынтымақтастық бағдарламасы  

2015 жылдың қаңтарында Давос қ. ҚР Премьер-Министрі және ЭЫДҰ Бас хатшысы Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Бағдарлама Ұйымға кірмейтін елдерге ЭЫДҰ тәжірибесі мен стандарттарын меңгеруге мүмкіндік беретін ЭЫДҰ-ның бірегей құралы болып табылады.

Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюмен байланысты 2015 жылы ЭЫДҰ-мен барлық жобалар Елдік бағдарлама шеңберінде іске асырылады.  

Елдік ынтымақтастық бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Елдік бағдарламаның бірінші кезеңі шеңберінде 2015-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 20 іс-шараны іске асырды. Елдік бағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде 16 іс-шара іске асырылады. Елдік бағдарламаның екінші кезеңінің іске асырылуы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталады. 

Елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастық нысаны үш бағыт бойынша жұмыс жүргізуді көздейді: (1) салалық шолу мен паритеттік бағалау жүргізу, (2) елдің комитеттер мен жұмыс органдарына белсенді қатысуы, (3) құқықтық құралдарға қосылу. 

Елдік бағдарламаның аяқталуымен байланысты 2018 жылғы желтоқсанда Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы Қазақстан Үкіметі және ЭЫДҰ арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жалғасады.


ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша Үйлестіру Кеңесі

Бағдарламалар мен бастамалардың тиімді үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін министрлер деңгейінде барлық органдар қатысатын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылды. 

Ұлттық деңгейде жалпы үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.


Басым бағыттар бойынша министрлік командалар 

Мемлекеттік органдардың ЭЫДҰ Комитеттерімен ынтымақтастығын күшейту және мемлекеттік органдарға ЭЫДҰ жобаларын іске асыруда үйлестірілуін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі басым бағыттар бойынша Вице-министрлер деңгейінде көшбасшылардың басшылығымен министрлік командалар құрылды: 
- салық саясаты; 
- білім беру және инновациялар; 
- әлеуметтік даму және дағдылар; 
- инвестициялар және көлік; 
- жасыл экономика; 
- сыбайлас жемқорлық және адалдық; 
- мемлекеттік басқару;
- бәсекелестік, 
- ШОБ және корпоративтік басқару; 
- ауыл шаруашылығы. 

Команда ЭЫДҰ-ның Комиттерімен және жұмыс органдарымен өзара іс-қимыл стратегиясын анықтайды, қарастырылатын мәселелер бойынша ортақ пікір жасау мақсатында ішкі талқылаулар жүргізеді, ЭЫДҰ іс-шараларына қатысатын тұрақты делегаттарды анықтайды (Қазақстанның адамдары), ағымдағы жобалар бойынша жұмыс істейді, Қазақстанда ЭЫДҰ миссияларына өзара іс-қимыл мен әр түрлі қолдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаңа жобалар және ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстар енгізеді. 

Әр Командаға, көшбасшыдан бөлек, екі үйлестіруші, сондай-ақ мемлекеттік органдардан, министрліктердің зерттеу орталықтарынан бес-жеті тұрақты талдамашы зерттеушілерді қамтиды. 





Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысуы
Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ құқықтық құралдарына қосылу






Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!