рус / eng / kaz    
     

ҰБО туралы


ҰБО Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттарының (бұдан әрі – ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары) ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, сатып алу және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым және технологиялар, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешім қабылдайтын алқалы кеңесші орган болып табылады.  


ҰБО қызметінің мақсаты ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары туралы хабардар болуды арттыру арқылы ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарын енгізу, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау болып табылады. 

ҰБО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарын және ЭЫДҰ-ның Декларациясын басшылыққа алады.

ҰБО шешімдері ұсынымдық сипатқа ие. 

ҰБО жұмысын ұйымдастыруды тиімді қамтамасыз ету мақсатында Хатшылық құрылады.

Хатшылықтың функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

ҰБО негізгі міндеттері:

1) ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары туралы қоғамдастық пен бизнес-қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру (бұқаралық ақпарат құралдары, семинарлар, дөңгелек үстелдер арқылы);  

2) кәсіпорындардың ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарын болжамды сақтамауы нәтижесінде туындайтын өтініш берушілердің сұрау салулары мен шағымдарын қарау;  

3) ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарау кезінде ЭЫДҰ-ға мүше елдердің ұлттық байланыс орталықтарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау (қажет болған жағдайда). 

Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ҰБО:

1) ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы өтініштерді объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды жүзеге асырады;

2) ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы өтініштерді қарау және олар бойынша объективті шешім қабылдау кезінде барлық мүдделі тараптармен (бизнес-қоғамдастық, кәсіптік одақтар және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдар) өзара іс-қимыл жасайды;

3) ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер қабылдайды;

4) ҰБО қызметі бойынша өзекті материалдардың ҰБО интернет-ресурсында қол жетімділігін қамтамасыз етеді; 

5) ҰБО қызметі туралы жыл сайынғы есептерді дайындайды және жариялайды;

6) жыл сайын ҰБО-ның жұмыс жоспарын әзірлейді.


Қазақ тілінде ҰБО туралы ақпараттық буклет
Көлемі: 9.68 МБ

Ұлттық байланыс орталығын құру туралы № 124 бұйрық
Көлемі: 341.71 КБ

"Ұлттық байланыс орталығын құру туралы" № 124 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы" № 177 бұйрық
Көлемі: 266.16 КБ






Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!