рус / eng / kaz    
     

ЭЫДҰ комитетінің отырысы

12.04.2021

021 жылғы 7-8 сәуір аралығында ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЭЫДҰ Комитеті) кеңейтілген отырысы өтті, оған ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларацияға (бұдан әрі - Декларация) қосылған барлық елдер қатысты. Оның шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері де қатысты.

 

Пленарлық сессиядағы өзінің сәлемдесу сөзінде ЭЫДҰ Комитетінің төрағасы – Манфред Щекулин мырза Уругвайды декларацияға қосылған 50-ші қатысушы ретінде құттықтады.

 

Комитеттің кеңейтілген отырысы аясында 2020 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылды. Атап айтқанда, COVID-19 пандемиясымен байланысты елеулі іскерлік белгісіздікке байланысты тікелей инвестициялар ағынының төмендеуі мәселесі талқыланды, бұл оның ішінде іскерлік белсенділікке тікелей әсер етті. Сондай-ақ, отырыс барысында инвестициялық үрдістер мен саясатты уақтылы мониторингтеудің өткір қажеттілігі белгіленді.

 

Қазіргі уақытта ЭЫДҰ комитеті ТШИ сапасын бағалаудың саяси құралдарының кешенін (FDI Qualities Policy Toolkit) әзірлеуде. Осы кешендегі құралдар үкіметтерге шетелдік инвестициялардың экономиканың тұрақты дамуына әсерін талдауға және инвестициялардың сапасын арттыру үшін саяси және институционалдық тетіктерге баға беруге көмектеседі.

 

Комитет отырысы аясында Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі-Жұмыс тобы) өз баяндамасын ұсынды. Осы есепте 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде ҰБО тетігінің прогресі ұсынылды. Жұмыс тобының жетекшісі дауларды шешу саласындағы ҰБО ынтымақтастығы үшін жеке алғысын білдірді. 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде істердің 45%-ы (589-дың 265-і) Декларацияға мүше емес елдердің қатысуымен болған мәселелерге қатысты болды. Өз кезегінде, тартылған ҰБО ынтымақтастығының арқасында берілген өтініштердің көпшілігі кейіннен ұсынымдар шығара отырып қарауға жататын.

 

Негізгі мәселелер ретінде Жұмыс тобы ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басшылық қағидаттарының (бұдан әрі – Басшылық қағидаттары) бірқатар ережелерін қайта қарау мүмкіндігін, атап айтқанда «көпұлтты компаниялар» анықтамасын нақтылау, сондай-ақ Басшылық қағидаттарының бизнесті жауапты жүргізудің өзге де халықаралық стандарттарымен арақатынасын қарастырды.




Қарау саны: 136
Сақталған: 09.12.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!