рус / eng / kaz    
     

ҰБО

05.04.2021

Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қазақстандық кеңсесі 2 сәуірде ҰБО тиісінше жұмыс істеуі үшін Қазақстанда көпұлтты кәсіпорындардың өлшемшарттарын анықтау бойынша алғашқы талқылауды өткізді.

Онлайн-талқылауға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «YNTYMAQ» Үйлестіру кеңесінің, «КәсіпҚорған» кәсіподағының және «АргымакТрансСервис» ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы ҰБО Хатшылығының жетекшісі Нұрбек Ергешбаев, баяндамашысы ERI Орталығының директоры Долорес Тюлебекова болды.

Онлайн іс-шараны өткізу мақсаты ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарында бекітілген ТҰК анықтаудың негіз қалаушы өлшемшарттарын қолданыстағы қазақстандық нормативтік-құқықтық база шеңберінде талқылау болды. Атап айтқанда, ТҰК қызметінің базалық қағидаттары ретінде Басшылық қағидаттар мыналарды айқындайды:

1. Өз қызметін экономиканың барлық секторларында жүзеге асырады

2. Өз қызметін екі және одан артық елдің аумағында жүзеге асырады

3. Олар өз қызметін түрлі әдістермен үйлестіре алады

4. Жеке, мемлекеттік немесе аралас меншік нысанына ие. 

ҰБО Хатшылығы талқылау кезінде қатысушыларды ҰБО қызметінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпараттандырды, ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары туралы ақпаратты ұсынды, сондай-ақ "көпұлтты кәсіпорын" ұғымын анықтайтын өлшемшарттар тобына қосу үшін ұсыныстар берді.

Іс-шара қорытындылары бойынша қатысушылар "көпұлтты кәсіпорын" ұғымын анықтау бойынша халықаралық тәжірибені қосымша зерттеуді және әлдеқайда құрылымдық талдау жүргізу мен ұсынымдар жасау үшін аталған мәселені қайта талқылауды шешті.
 



Қарау саны: 170
Сақталған: 09.12.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!