рус / eng / kaz    
     

ЭЫДҰ вебинары

09.06.2021

2021 жылғы 9 маусымда ЭЫДҰ-ның "Назарда - Қазақстан: цифрландыру және ШОК қызметінің шарттары" тақырыбында онлайн — вебинары өтті.

 

Талқылау ЭЫДҰ-ның "Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкерліктің және инвестициялық қызметтің құқықтық ортасын жетілдіру" баяндамасы авторларының тұжырымдары негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОК) үшін нормативтік-құқықтық және операциялық ортаны жақсарту тәсілдеріне назар аударды.

 

Вебинарға 50-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Еуропалық Одақтың (ЕО), Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және "Зерде "ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ өкілдері болды.


"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі - Институт) атынан осы вебинарға қатысқандар:

  • Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова;
  • Орталықтың жетекші сарапшысы Әлібек Райыпов;
  • Қазақстан ҰБО Хатшылығының басшысы А. Қ. Қасенова

Онлайн-вебинар ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың және ЕО Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек-Мадсеннің сәлемдесу сөзімен ашылды.

 

ЭЫДҰ-ның келесі өкілдері баяндама жасады:

  • ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің экономисі және экономикалық талдаушысы Амелия Шурих-Рей.
  • ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің экономикалық талдаушысы Люк Мэкл.
  • ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару Директоратының кеңесшісі Рене Рес.
  • ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару Директоратының аға экономикалық талдаушысы Даниэль Трнка.

 

Баяндамаларды талқылау барысында ЭЫДҰ дайындаған баяндаманың мынадай аспектілері қозғалды:

  • шағын және орта бизнес (ШОБ) секторында цифрлық технологияларды және қызмет жағдайларын тарату;
  • коронавирустық дағдарыс және цифрлық технологиялар;
  • реттеушілік әсерді бағалау.

 

Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар баяндамада пайдаланылатын ақпарат пен деректерді жетілдіру және жаңарту бойынша ұсыныстарды алдағы жылы қорытынды редакциядағы нақты жағдайға сәйкестендіру үшін енгізді.

 

 



Қарау саны: 126
Сақталған: 26.10.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!