ҚР-да бизнесті цифрлық трансформациялау үшін базалық жағдайларды жақсарту

12.04.2022

7 сәуірде ЭЫДҰ-ның "Қазақстанда бизнесті цифрлық трансформациялау үшін базалық жағдайларды жақсарту" тақырыбында вебинары өтті. Талқылауға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары қатысты.

Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастықта Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен өткізілетін ҚР-да бизнесті цифрлық дамытудың базалық шарттары саласындағы тепе-тең бағалаудың ресми бастамасы болды. 


Вебинарда ЭЫДҰ мамандары тепе-тең бағалау жүргізудің әдіснамасын, мақсаттары мен рәсімін ұсынды. Вебинардың негізгі бөлігі бағалауға кіретін басым мәселелерді анықтауға арналды.

 

Іс-шараны ашқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мәдиев соңғы жылдары Қазақстанда цифрлық байланыс арналарын пайдалануды кеңейтуге бағытталған бірқатар реформалар жүргізілгенін атап өтті. Вице-министр сондай-ақ, іске асырылуы 2018 жылы басталған "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы "цифрлық үкіметтің" кешенді жүйесінің табысты дамуына ықпал еткенін және елдің цифрлық экономикаға көшуі үшін нормативтік-құқықтық жағдайларды қалыптастыру процесін іске қосқанын айтып, ЭЫДҰ мамандарына бизнесті цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі үшін алғыс айтты.

 

ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің экономикалық талдаушысы Амелия Шурих-Рей өз сөзінде Қазақстандағы тепе-теңдікті бағалауға қатысты кейбір аспектілерді атап өтті:

- инфрақұрылым мен байланыс қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту қажетті шарт болып табылады;

- бәсекелестіктің өсуі және тікелей шетелдік инвестициялар үшін экономиканың ашықтық деңгейін арттыру телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралардың әсерін күшейте алады.

 

Вебинар соңында подиумдық пікірталас өткізілді, оның барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ЭЫДҰ және қазақстандық бизнес өкілдері Қазақстандағы жеке меншік секторды цифрлық трансформациялауды қолдау жөніндегі жуырдағы шаралардың нәтижелерін талқылады.

 

ЭЫДҰ өкілдері қатысушылар атаған жұмыстың барлық басым бағыттарын назарға алды және оларды бағалау барысында ескереді.

 

Анықтамалық: ЭЫДҰ — 1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты-тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу. 37 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.



Қарау саны: 457
Сақталған: 09.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!