ERI қатысуымен ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің

21.04.2022

20-22 сәуірде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Мемлекеттік басқару комитетінің төрағасы Дастин Браунның (АҚШ) төрағалығымен комитеттің кеңейтілген 65 сессиясы өтті.

Отырысқа ЭЫДҰ-ға мүше елдердің, сондай-ақ БРИКС елдерінің (бес елден: Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, ОАР) өкілдері қатысты.

 

Талқылауға барлығы 240-қа жуық мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты.

 

Отырыс бейнеконференция байланысы форматында өтті және сегіз блоктан тұрды:

20 сәуір

1. Сәлемдесу және Аннотацияланған күн тәртібінің жобасын және қысқаша есептерді  талқылау.

2. Министрлер деңгейіндегі Мемлекеттік басқару комитетінің отырысына дайындық-I бөлім.

3. Жаһандық форумға қатысу және министрлер деңгейіндегі Комитет отырысы (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс).

4. ЭЫДҰ-ның мемлекеттік институттарға сенімнің қозғаушы күштері туралы зерттеулерінің негізгі тұжырымдары (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс)

 

21 сәуір

5. Министрлер деңгейіндегі Мемлекеттік басқару комитетінің отырысына дайындық-II бөлім.

 

22 сәуір

6. Комитеттің жұмыс бағдарламасы мен бюджетінің басымдықтарын айқындау және ұсыну.

7. Өзге де мәселелер.

8. Комитетке қосылудың негізгі қағидаттарын жаңарту (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс).

 

Үш күндік сессия шеңберінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитеті қызметінің жұмыс сәттері, 2022 жылғы 18 қарашадағы Мемлекеттік басқару жөніндегі комитеттің министрлер деңгейіндегі алдағы отырысына дайындық процесі және 2022 жылғы 17 қарашадағы Жаһандық форум (іс-шаралар күн тәртібінің жобасы және жұмыс материалдары), сондай-ақ Комитетке қосылудың негізгі қағидаттарын жаңарту мәселесі талқыланды.


Қарау саны: 415
Сақталған: 06.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!