ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі

04.07.2022

29-30 маусымда осы жұмыс органының төрағасы Дастин Браунның қатысуымен ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі комитетінің (бұдан әрі-Комитет) арнайы сессиясы өтті.

Отырысқа ЭЫДҰ-ға мүше елдерден, сондай-ақ Бразилия, Египет, Марокко, ОАР, Перу, Тунис сияқты елдерден 90-нан астам өкіл қатысты.

Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара 2022 жылғы 17-22 қарашада Люксембургте өтетін "Сенім мен демократияны нығайту" ұранымен министрлер деңгейіндегі Комитеттің алдағы отырысының күн тәртібін талқылау мәселесіне арналды.

Отырыс бейнеконференция байланысы форматында өтті, оның барысында министрлер деңгейіндегі Комитет отырысына дайындық және оның алдындағы іс-шара - 2022 жылғы 17 қарашадағы Жаһандық  форум туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды. Аннотацияланған іс-шаралар күн тәртібінің жобасы, негізгі құжаттаманы әзірлеу мен келісуге қатысты прогресс пен жоспарлар туралы жаңартылған ақпарат ("Мемлекеттік мекемелердің жаһандық жауапкершілігін қамту", "Цифрлық демократия мүддесінде мемлекеттік басқаруды қайта құру" тақырыптары бойынша шолу анықтамалық жазбалар) ұсынылды.

Анықтамалық:

ЭЫДҰ —1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 38 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.






Қарау саны: 299
Сақталған: 09.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!