рус / eng / kaz    
     

ЭЫДҰ Хатшылығының құрылымы

Парижде ЭЫДҰ хатшылығының қызметкерлері ЭЫДҰ 30 мүше елдерінің сұраулары бойынша зерттеу жүргізеді және талдамалық материалдар дайындайды.

Мүше елдердің өкілдері негізгі мәселелермен айналысатын комитеттер шеңберінде кездеседі және ақпаратпен алмасады. Шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер ЭЫДҰ Кеңесіне бекітілген.



Даму мәселелеріндегі ынтымақтастық жөніндегі директорат
Экономика мәселелері жөніндегі департамент
Білім беру мәселелері жөніндегі департамент
Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорат
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес пен жергілікті даму орталығы
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директорат
Атқарушы директорат
Қаржы және кәсіпкерлік жөніндегі директорат
ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі орталық
Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау жөніндегі директорат
Мемлекеттік секторды басқару және аумақтық даму жөніндегі директорат
Ғылым, технологиялар және өнеркәсіп жөніндегі директорат
Статистика жөніндегі директорат
Салық саясаты және басқару орталығы

Комитеттер

ЭЫДҰ 30 мүше елінің өкілдері экономика, сауда, ғылым, жұмысбастылық, білім беру және қаржы нарықтары сияқты нақты салаларда өз идеяларын ұсыну және саясатты іске асыру нәтижелерін талдау үшін бейінді комитеттер отырыстарында бір-бірімен кездеседі. Жалпы, ұйымда 200-ге жуық комитет, жұмыс және сараптама топтары бар.

Жыл сайын ЭЫДҰ комитеттерінің отырыстарына 40 000-ға жуық жоғары лауазымды тұлғалар қатысып, өз сұрақтарын қояды, қызметке талдау жасайды және ЭЫДҰ хатшылығы жүргізетін жұмысқа өз үлесін қосады. Электрондық байланыс құралдарының арқасында өз елдеріне оралғаннан кейін жоғары лауазымды шенеуніктер ЭЫДҰ  құжаттарына қашықтықтан қол жеткізу және ЭЫДҰ арнайы деректер желілері арқылы ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Кеңес

ЭЫДҰ Кеңесіне шешім қабылдау өкілеттіктері берілген.

Кеңеске Ұйымның әр мүше елінен бір өкіл, сондай-ақ Еуропалық комиссияның өкілі кіреді. 

Кеңес өз отырыстарын ЭЫДҰ  жанындағы мүше елдердің тұрақты өкілдері деңгейінде тұрақты негізде өткізеді, аталған отырыстарда Ұйым қызметінің жалпы бағыттары әзірленеді.

Жылына бір рет Кеңестің министрліктер басшылар деңгейінде отырыстары өткізіледі, олар ең маңызды мәселелерді қозғап, алдағы жылға ЭЫДҰ қызметінің басымдықтарын белгілейді. Кеңес қабылдаған жұмыс жоспары ЭЫДҰ  Хатшылығымен іске асырылады.

ЭЫДҰ Хатшылығы

Париждегі Хатшылықтың 2000-ға жуық қызметкері ЭЫДҰ  комитеттерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Тиісті директораттардың қызметкерлері болып табылатын 700-ге жуық экономист, заңгер, ғылыми жұмыскер және басқа кәсіптердің өкілдері зерттеу және талдамалық қызметті жүзеге асырады.

Хатшылықтың жұмысы ЭЫДҰ Бас хатшысының және оның төрт орынбасарының басшылығымен жүзеге асырылады. Бас хатшы ЭЫДҰ  және Хатшылық жанындағы ұлттық өкілдер арасында маңызды байланыстырушы буын бола отырып, Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді.

ЭЫДҰ-ның ресми тілдері ағылшын және француз тілдері болып табылады. ЭЫДҰ-да Ұйымның мүше елдерінің азаматтары жұмыс жасайды, олар жұмыс уақытысында халықаралық қызметшілер болып табылады, тиісті мемлекеттердің мүдделерін қорғамайды. Қызметкерлерді ЭЫДҰ-ға жұмысқа қабылдау кезінде қандай да бір ұлттық квоталар қолданылмайды, Ұйымның кадрлық саясаты жұмыс тәжірибесін және ұлтын ескере отырып, тиісті салаларда жоғары біліктілікке ие адамдарды тең жағдайларда жұмысқа алу болып табылады.

Қаржыландыру

ЭЫДҰ-ның жұмысы оның мүшелері болып табылатын 30 елмен қакржыландырылады. Мүше мемлекеттердің жыл сайынғы салымының мөлшері әр елдің тиісті экономикалық көрсеткіштеріне негізделген белгілі бір формула бойынша есептеледі. Ең ірі төлеуші Құрама Штаттар болып табылады, оларға ЭЫДҰ бюджетінің шамамен 25 пайызы тиесілі, салымдар мөлшері бойынша екінші орында Жапония орналасқан. Кеңестің мақұлдауымен мүше елдердің негізгі бюджеттен қаржыландырылмайтын жеке бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға құқылы.

Жылдық бюджеттің мөлшері қазіргі уақытта жылына шамамен 336 млн.евроға тең, сондай-ақ ЭЫДҰ  бағдарламаларының тақырыбы Кеңестің отырысында мүше мемлекеттермен анықталады.

ЭЫДҰ жұмысы

ЭЫДҰ мүше елдер арасында шартты келісімдерді жасауға жәрдемдесетін немесе ішкі істерде де, басқа да халықаралық форумдарда жүргізілетін жалпы саясатты әзірлеуде ұлттық үкіметтерге жәрдемдесу мақсатында ғылыми зерттеулер және әлеуметтік-экономикалық саясатты талдау негізінде жаңа идеялар мен пікір-таластарды әзірлеуге арналған форум болып табылады. Дүниежүзілік банкпен және Халықаралық валюта қорымен салыстырғанда ЭЫДҰ ақша қаражатын бөлумен айналыспайды.

ЭЫДҰ-ның қызметі деректерді жинаудан басталатын және саясаттың белгілі бір бағыттарын талдаудан кезеңін де, ұжымдық талқылау кезеңін де қамтиды  және шешім қабылдау мен оны іске асырумен аяқталатын жоғары тиімді процесс болып табылады. Түрлі елдер үкіметтерінің мәселені бірлесіп зерттеуі, жан-жақты мониторинг және мамандардың саясатты реформалау қажеттілігіне қатысты ұсынымдары ЭЫДҰ-гың Халықаралық мәмілелерді жүзеге асыру кезіндегі конвенция сияқты салалардағы тиімді қызметінің негізін құрайды. ЭЫДҰ жүргізетін ақпараттық технология саласындағы революцияның экономиканың дамуына ықпалын талдау ұлттық үкіметтерге экономикалық саясатты әзірлеуде жәрдемдеседі, ал жұмыссыздықтың өсу себептері мен халықты жұмыспен қамту шараларын анықтау бойынша зерттеулер үкіметтерді жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша тиісті шараларды әзірлеуге мәжбүр еткен түрткі болды. ЭЫДҰ –ның маңызды талдамалық жұмысы және оның көрсетілетін қызметтермен сауда жасау мәселелерінде консенсусқа қол жеткізу бойынша жұмсаған күші халықаралық сауда келіссөздерінің сәтті аяқталуына өз үлесін қосты.

ЭЫДҰ шеңберінде жиналған және талданған материалдардың көпшілігі мерзімді баспасөз құралдарының және электрондық құралдардың көпшілігінде жарияланады: баспасөз-парақтарынан және тұрақты шығарылатын деректер жинақтары мен болжамдардан бастап нақты мәселелер бойынша бір реттік басылымдардан немесе монографияларға дейін; ЭЫДҰ әр мүше елі бойынша экономикалық шолулардан бастап технологиялар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім, ғылым жүйелері мен саясат мәселелеріне дейін. Ақпараттың, талдамалық материалдардың және деректердің ауқымды тізбесіне ЭЫДҰ-ның Интернет-сайтында ашық қол жеткізуге болады.

Хатшылық қалай жұмыс істейді

Хатшылықтың қызметі комитеттер құрылымына сәйкес құрылған, онда Хатшылықтың әр директораты бір немесе бірнеше комитетке, сондай-ақ олардың жұмыс топтары мен кіші топтарына қызмет көрсетеді. Соған қарамастан, ЭЫДҰ жұмысы пәнаралық зерттеулерге негізделе отырып құрылатынын атап кеткен жөн.

Мысалы, ЭЫДҰ-ның тұрақты даму саласындағы жұмысы және оның әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы жаңа мәселелерді алдын ала айқындауға бағытталған «Халықаралық болашақ» бағдарламасы шеңберінде ғылыми пәндердің ауқымды ортасы қатысқан. Халықтың қартаюы мәселелері бойынша макроэкономика саласындағы мамандармен бірлесіп салық салу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері, сондай-ақ денсаулық сақтау, жұмыспен қамту нарығы мен әлеуметтік саясат мәселелері бойынша сарапшылар жұмыс істейді.






Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!