Комплаенс

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да (бұдан әрі – Қоғам) Комплаенс-офицер институты Қоғам Басқарма төрағасы жүзеге асырып отырған бастамалар, шаралар мен іс-қимылдар аясында келесі мақсаттарда құрылған:

  1. міндетті реттеуші талаптардың және халықаралық үздік тәжірибенің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

  2. Қоғамда барлық қызметкерлер арасында ашықтық пен адалдық қағидаттарына негізделген ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ бизнесті халықаралық үздік стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге жағдай жасау.

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, Қоғам Жарғысына, Ұжымдық шартқа, Мінез-құлық (іскерлік этика) кодексіне, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Комплаенс-офицері туралы ережеге, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс-офицер Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, Қоғам Басқармасынан тәуелсіз болып табылады, сондай-ақ өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктермен және ресурстармен қамтамасыз етілген.

Пошталық мекенжайы:010010, Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65, «Экономика үйі», «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (103-кабинет), «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Комплаенс-офицеріне
Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзылуы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепке қайшы мінез-құлық және өзге де құқық бұзушылықтар туралы сенім желісі арқылы хабарлай аласыз. Өтініштерді кез келген тұлға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы жолдай алады:

Ақпараттандыру арналарының тізбесі

Арна Байланыс Жұмыс тәртібі
WhatsApp +7 708 924 4754 дс–жм: 08:00–17:30, түскі үзіліс: 13:00–14:30
Электрондық пошта compliance@eri.kz қабылдау: тәулік бойы, өңдеу: жұмыс уақытында
Онлайн Кері байланыс нысаны тәулік бойы

Барлық телефон қоңыраулары мен хабарламаларды Комплаенс-офицер тікелей қабылдайды.

Бөлімге ақпарат дайындалып жатыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.